Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде көлік жүргізушілерінің арасында туындаған жанжалдың видеосы тарады.
Бұл оқиға туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді. Алмасбековтің айтуынша, жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған.
"Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр".
Нұрлан Алмасбеков азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылыққа жататынын еске салды.
Сондай-ақ, полицей ешбір құқықбұзушылық жазасыз қалмайтынын айтып, қала тұрғындарын заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.