Туыс ағалары жасөспірімді 6 жылдан бері зорлап келген: Жамбыл облысының әкімі жаға ұстатарлық жағдайға қатысты пікір білдірді

stan.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев туыс ағаларынан 6 жылдан бері зорлық көрген қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап

Ербол Қарашөкеев қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. 

"Бұл жағдайға қатысты бірінші мектеп мұғалімдері дабыл қаққан. Балалардың қауіпсіздігі – өте маңызды мәселе. Қазір тергеу жүріп жатыр, пікір білдіре алмаймыз. Айыптылар өз жазасын алады. Біз өз тарапымыздан, мектеп басшылары бірнеше рет үлкен жиындар өткізіп, мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай шара қабылдау керегін егжей-тегжейлі қарастырып жатырмыз. Жұмыс күшейтіліп, әлі де нақты шаралар қабылданады", – деді Қарашөкеев. 

Облыс әкімінің айтуынша, тергеу барысында баланың ата-анасы зорлау дерегін жасырғаны анықталса, олар да жауапқа тартылуы мүмкін. 

"Айтып өткенімдей, заң аясында тергеу жүруде. Сот тергеу процесінде ата-анасы қылмыстық іске қатысты ақпаратты жасырып бермегені анықталса, бәрі жауапқа тартылады", – деп түсіндірді Жамбыл облысының әкімі.