Абай облысының 101 жастағы тұрғыны жаңа жеке куәлік алды

Фото: SputnikKZ

Абай облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 101 жастағы Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады,деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Алдыңғы құжат берілгеннен бері 10 жыл өтіп, оның мерзімі аяқталған.

"Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны", — деді ол.

Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, погонды қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.

Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.