Америкалық SAFE компаниясы Вирджиния штатындағы жаңа бункер салу жоспарын таныстырды. Жаһандық апат не апокалипсис болған жағдайда жер шарындағы ең бай 625 адам қоныстана алады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Aerie деп аталатын жерасты бункері өз тұрғындарына жаһандық апат кезінде аман қалуға мүмкіндік береді. Жердің астында барлық мүмкіндік жасалған.
Фото: Safe
Ішіне инженерлер бассейн, боулинг, жартасқа өрмелеу алаңы, AI-мен жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі және люкс бөлмелер салады.
Фото: Safe
Бункердегі бір бөлменің құны – 20 миллион доллар (10 миллиард 380 миллион теңге).
Фото: Safе