Бір күнге әкім болу: оқушылар Саран басшысына қандай сұрақтар қойды

Қарағанды облысының әкімдігі

Саран әкімі Дарын Бұлқайыр қала мектептерінің президенттерімен және белсенділерімен кездесті. Балалар қала басшысынан зауыттарға экскурсия ұйымдастырып, байқау өткізуді сұрады, Байқаудың бас жүлдесі бір күн қала әкімі болу мүмкіндігі болмақ.

Кездесу тең дәрежедегі диалог форматында өтті. Қала басшысы мектептегі оқуы туралы айтып, жоғары сынып оқушыларын тыңдады.

Белсенділер байқауды әр мектепте ұйымдастыруды, ал жеңімпазға бір күн Саран әкімі болса деп ұсыныс жіберді. Мұндай идея Дарын Бұлқайырға ұнады. Қазір оқушылар байқаудың шарттары мен ережелерін әзірлеуде.

Сондай-ақ, балалар қала басшысынан қаланың зауыттары мен кәсіпорындарына жүйелі түрде экскурсия жасауды сұрады. Жоғары сынып оқушыларының пікірінше, бұл оларға мамандық таңдауға көмектеседі.

Дарын Бұлқайырдың айтуынша, бұл идеяны жүзеге асыруда еш қиындық жоқ, себебі бұрын мұндай экскурсиялар өткізілген.

Белсенділер қалада «Саран газеті» редакциясының базасында мектеп оқушыларына арналған арнайы газет шығармақшы.

– Әкімнің мектеп оқушыларымен, белсенділермен осындай кездесулері өскелең ұрпақ әкімі дәл солар сияқты адам екенін түсінуі үшін өте қажет. Балаларға егер оқуға және дамуға ұмтылыс болса, кез келген адам әкім бола алатынын көрсету маңызды. Мұндай кездесулер әдетте жастарды ынталандырады, – деп есептейді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.

Дарын Бұлқайыр өз идеясын да ортаға салды. Ол жоғары сынып оқушыларына өз ісінің кәсіпқойларымен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Онда оқушылар өздерін қызықтыратын кәсіптер туралы көбірек біліп, жеке және мансаптық өсуі туралы сұрақтар қоя алады. Мұндай басқосулар жазғы демалыс кезінде өтеді.