Пышақ жарақатын алған бүлдіршіннің қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: видео скрин

Беті кесілген бес жасар бала №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, балаға қан кетуін тоқтату үшін ота жасалған. Отадан кейін жағдайы қалыпты. Дегенмен пышақ жарақаттарынан кейін жалпы жағдайы ауыр деп бағаланады.

Астана полиция департаменті кәмелетке толмаған қаскүнемнің заңды өкілі ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылғанын хабарлады.