Қарағанды тау-кен индустриялық колледжінде дәнекерлеушілерге арналған кабинет жаңартылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды тау-кен-индустриялық колледжінде KAZFITTING компаниясының қолдауымен дәнекерлеу ісі бойынша сабақтарға арналған арнайы пәндер кабинеті ашылды. Серіктестер күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сатып алып, барлық көрнекі құралдарды толығымен жаңартты. Енді студенттерге мамандық игеру ыңғайлы әрі оңай.

2024 жылдың қыркүйегінде колледж «KAZFITTING» ЖШС-мен келісім жасасты, соның арқасында студенттер кәсіпорынға барып, өндіріспен танысып, тәжірибеден өте алады.

КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Олег Кастальский кәсіпорындарды қолдау – оқытудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Колледж білім береді, ал тәжірибе оларды бекітуге және нақты жұмысқа дайындалуға көмектеседі.

– Бизнес пен білім берудің өзара іс-қимылы – жас мамандардың табысты мансабының кепілі, – деп санайды Олег Кастальский. – Мұндай жобалар бізге өндіріспен байланыс орнатуға және оқытуды барынша өнімді етуге көмектеседі.

Бизнес үшін де бұл тиімді: компанияға жұмысқа дайын мамандар қажет. KAZFITTING бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр газ дәнекерлеушілер, электр жабдықтарын монтаждаушылар және слесарьлар қажет екенін айтады. Өндірістік процестермен таныс колледж түлектері бірден жұмыс табады.

Мұндай ынтымақтастықтан қос тарап та ұтады: колледж материалдық-техникалық базаны жаңарту мүмкіндігіне ие болады, студенттер – сұранысқа ие мамандықты игереді, ал кәсіпорындар – даярланған мамандармен қамтылады.