“Қазақмыс” Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Себебі, Қазақстанның Бас прокуратурасы стратегиялық нысанның жай-күйіне алаңдаулы. Мәміле сыйға тарту шарты бойынша жүзеге асырылды.
"1952 жылы салынған су қоймасы (319 миллион текше метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық нысандар. Сондықтан мемлекет меншігінде болуы керек. Кезінде олар қала құраушыKazakhmys Distribution ЖШС-нің балансына өткен”, – делінген хабарламада.
Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтару үшін прокуратура Су министрлігіне хабарласып, одан кейін "шарт жасалып, нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды".
Ведомствоның хабарлауынша, қазір жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін су қоймасы тексеріліп жатыр.