Атырауда жүргізуші екі баллонды көлікке байлап, балаларын сүйреген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде көлікпен екі баланы сүйреген атыраулық жүргізушінің видеосы тарады.
Қауіпті маневр желі қолданушыларын шошытты, өйткені мұндай әрекет балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жүргізушінің балаларды бұлай ойнатқанын полицейлер де оң көрмеді. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
"Аталған көлік құралының иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабының 1-бөлігі “Көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны” үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.