Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Сурет: olympic.kz

Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ширек финал қорытындысы бойынша қазақстандық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.

Өз тобында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

Ал, Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) жарысты әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жалғастырмақ. Егер сәтті өнер көрсетсе, ол да жартылай финалға жолдама ала алады.