Наурыз қарсаңында Қарағандыда «Өнерлі Шебер» шығармашылық шеберлік сабағы өтеді

Қарағанды облысының әкімдігі

19 наурызда Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы XIII облыстық шығармашылық практикум – «Өнерлі Шебер» шеберлік сабағы мен «МастерART» көрме-байқауына арналған алаңға айналады. Шара көркемдік-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтарына бағытталған. Мұнда олар өз жұмыстарын таныстырып, әріптестерінің тәжірибесімен танысып, тәжірибелік сабақтарға қатыса алады.

Шеберлік сабағы 29 наурызға дейін жалғасатын «МастерART» көрме-байқауы аясында өтеді.

Экспозиция Наурыз мерекесіне орайластырылып, өнер сүйер қауым үшін қызықты болады. Көрмеде кескіндеме мен графикадан бастап мүсін мен сәндік-қолданбалы өнерге дейінгі түрлі техника мен жанрдағы шығармалар ұсынылады.

Бейнелеу өнері мұражайының жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 10:00-18:00, демалыс күндері – сағат 10:00-17:00.