Қазақстанда декреттік демалыс қалыпты босану жағдайында 126 күн беріледі. Оның ішінде 70 күн (жүктілік кезінде) және 56 күн (босанғаннан кейін), деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Осыған орай демалыс мерзімі келесідей:
Қалыпты босану – 126 күн (70 күнге дейін жүктілік кезінде, 56 күн босанғаннан кейін).
Ауыр босану немесе егіздер дүниеге келгенде – 140 күн.
Ядролық сынақ аймағында – 170-184 күн.
Жаңа туған баланы асырап алғанда – 56 күн.
Бала күтіміне байланысты демалыс – 3 жыл (жұмыс орны сақталады).
Жәрдемақы түрі әйелдің жұмыс істеуіне не істемеуіне байланысты. Осы орайда жәрдемақы келесідей беріледі.
Жұмыс істейтін әйелдерге:
Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем.
Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.
Жұмыс істемейтін әйелдерге:
Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.
2025 жылы бала тууға берілетін жәрдемақы:
1-3 балаға – 149 416 теңге.
4 және одан көп балаға – 247 716 теңге.
Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:
1-балаға – 22 649 теңге.
2-балаға – 26 777 теңге.
3-балаға – 30 867 теңге.
4 және одан көп балаға – 34 995 теңге.
Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы:
4 балаға – 63 030 теңге.
5 балаға – 78 798 теңге.
6 балаға – 94 565 теңге.
7 балаға – 110 332 теңге.
8 және одан көп баланың әрбіріне +15 728 теңге.
Декреттік төлем есептеу формуласы:
Соңғы 12 айдағы табыс ÷ 12 × (126 немесе 140 күнге сәйкес коэффициент) – 10% зейнетақы жарнасы.
Максималды төлем: 2 249 100 теңге (2025 жылғы шектеу).
Бала күтімі бойынша жұмыс істейтіндерге төлем:
Соңғы 24 айдағы табыстың 40%-ы.
Максималды төлем: 595 000 теңге.