22 наурыз – Жыл басы

Life09

Бүгін күн мен түннің теңелетін, көктемнің лебі есетін Ұлыстың ұлы күні. Түркітілдес халықтарға ортақ мейрам – Наурыз мерекесі төрімізге осылайша жайғасып отыр. Адамдар арқа-жарқа болып, қыстан аман-есен шыққанына қуанатын төл мейрам. Ал Наурызнама бойынша бұл күн күнтізбенің бастауы, яғни Жыл басы саналады. Тарихшылар мен этнографтардың айтуынша, осы мейрамда ұмыт қалған дәстүрлерді жаңғырту – маңызды.