14 сәуірде Қарағанды әкімінің гранттарына жас кәсіпкерлердің өтінімдері қабылданады

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда жас кәсіпкерлер өз бизнесін дамытуға 1,5 млн теңге ала алады. 14 сәуірден бастап қала әкімінің гранттарына құжаттар қабылдау басталады. Оған 18–35 жас аралығындағы кәсіпкерлер шақырылады.

Байқау ережелерімен және оған қатысу үшін қажетті құжаттармен Telegram – https://t.me/+2loSN6rfsGY1MWFi арқылы танысуға болады.

Өтінімдер 2 мамыр күні мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 31, 204 кеңсе.

Сұрақтармен мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8-700-526-28-88, 8-701-377-42-11.