Қазақстандық танымал дирижер өмірден өтті

Сурет: kaztheatre

Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі жеткізді.

«Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады», - деп жазды театр әкімшілігі.