Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстары күшейтілді. Аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста өрт қаупі бар маусымға дайындық мәселелері талқыланды.

Облыстың ТЖД мәліметінше, әрбір ауданда мобильдік топтар құрылды, олардың құрамына құтқарушылар, полицейлер және орман шаруашылықтарының өкілдері кіреді. 

Бар-жоғы 1390 адам, 313 бірлік техника мен қажетті жабдық өртке қарсы күрес жүргізуге дайын. Орман алқаптарына іргелес жатқан аумақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Онда алты елді мекен, төрт лагерь, 20-дан астам демалыс аймағы және 90-ға жуық саяжай кооперативтері орналасқан.

– Облыста 57 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, – деп баяндады кеңесте ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев. – Бүгінде көп нәрсе өртті ерте анықтауға байланысты, сондықтан ұлттық парктер мен орман шаруашылықтарын ерте анықтаудың сандық жүйелерімен жарақтандыру қажет.

2025 жылға арналған орман өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Алғаш рет Қу орман шаруашылығының ормандарын авиациялық қорғау мәселесі шешілді. Теміртау, Шахтинск, Пришахтинск және Қарағанды Кирзавод ауданында өртті ерте анықтау камералары орнатылды. Бір өрт қадағалау мұнарасы жөнделді. 

Алты орман өрт сөндіру станциясы салынды.

Билік халықты сақтық шараларын сақтауға және құрғақ шөпті өртемеуге шақырады.

Ермағанбет Бөлекпаев барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Өрт үнемі дайындықты және жедел әрекет етуді талап етеді, – деді облыс әкімі. – Қауіп-қатерлерді азайту үшін тұрақты негізде рейдтер ұйымдастыруды, материалдық-техникалық базаға ревизия жүргізуді және өртке барынша бейім жерлерде – орман және орманды дала алқаптарында қосымша бақылау бекеттерін қоюды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы құрылымдары табиғи өрттiң таралуын және мемлекеттiк орман қорына көшуiн болдырмау үшiн шабындық жерлердiң айналасында минералдандырылған жолақтар құруға мiндеттелсiн. Ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Биыл республикалық маңызы бар ұлттық табиғи парктер үшін алты орман өрт сөндіру станциясын салу жоспарлануда: төртеуі Қарқаралы паркінде және біреуі Бұйратауда және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында.