Лондонда өткен Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында «Арсенал» өз алаңында мадридтік «Реалды» 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Матчтың басты қаһарманы – Деклан Райс. Ол екінші таймда екі бірдей гол соғып, командасын алға жетеледі. Ең қызығы – екі гол да айып добынан соғылды. Райс 58 және 70-ші минуттарда мергендігімен көзге түсті.
Одан кейін көп ұзамай, 75-ші минутта Микель Мерино үшінші голды салып, матчтың нүктесін қойды. «Арсенал» жанкүйерлерінің алдында жүйелі ойын өрнегін көрсетті.
Енді қарымта кездесу 16 сәуірде Мадридте өтеді.
Сондай-ақ, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған тағы бір кездесуде германиялық «Бавария» өз алаңында италиялық «Интерге» 1:2 есебімен есе жіберді.
Ширек финалдың екінші ойын күні, 9 сәуірде «Барселона» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Астон Вилла» (Англия) өзара кім мықтыны анықтайды.