Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Сурет: t.me/almaty_my

Алматыда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның суреті әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Бостандық ауданында орналасқан «Өркен» тұрғын үй кешенінде болған. 

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.

— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.