Шымкентте 2,5 айлық нәрестеге 5 сағат ота жасалды

Фото: yandex.kz

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы нерв өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады. Бұл – елімізде сирек жасалатын ота түрі. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.

"Тексеру қорытындылары бойынша күрделі нейрохирургиялы ота жасадық. Ота микрохирургиялық әдіс арқылы микроскоп құрылғысының көмегімен жасалды. Барлығы сәтті өтті. Нәрестеде ешқандай асқынулар жоқ", - дейді нейрохирург Таңсық Абдуллаев.

Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі. Мұнда тәулігіне 500-ден астам бала жедел медициналық көмек алса, 450-ден аса бала стационарлық емдеуден өтеді.