Астанадағы дәмханалардың бірінде 20 адам уланғанын қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
"Астанада елордалық дәмханалардың бірінде қоғамдық тамақтану өнімдерін тұтынуға байланысты топтық ішек инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бүгінгі таңда зардап шеккендер саны 20 адамды құрады, оның 11-і бала", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде зардап шеккендердің барлығы картоп пюресі қосылған котлет жегені туралы хабарлама тарап жатыр.
"Зертханалық тексеруге азық-түлік өнімдері мен айналадағы сынамалары алынды, қызметкерлер тексеруден өтті. Тергеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", - деді Астана қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.
Сондай-ақ, Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.