"Күйеуім ұлдарыма алып қойды": Ерке Есмахан су жаңа пәтерін көрсетті

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Ерке Есмахан су жаңа пәтерін көрсетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі күйеуі Райымның туған күнін жаңа пәтерінде қарсы алды. Отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына айтып берді. 

"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы жақында үшінші сәбиімен қауышатынын да жасырмады. 

“Гендер пати жасамаймыз. Соған қатысты сұрақ өте көп. Шамалы қалды ғой, кішкене шыдасаңыздаршы. Туған соң түрін көрсетпесек те, жынысын анық айтамыз. Алла қаласа сүйіншілетеміз", – деді өнер иесі.