21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК баспасөз қызметі полицияның сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Марқұмның ҰҚК сыртқы барлау қызметінде жоғары лауазымды қызмет атқарғаны туралы ақпарат бар. Ол өзіне-өзі қол жұмсады немесе биіктен құлады деген болжам бар.