Мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқылды

Сурет: МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Макеев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілерге және ауыл әкімдеріне дәріс оқыды.

Дәріс барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға, мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндеттер мен қабылданған шектеулерді сақтауға қатысты мәлімет берілді.                                                                                                                                      

Сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Өз кезегінде қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.