2025 жылдың 20 наурызында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы THE PLANET OF ART – 2025 халықаралық жастар фестивалінің музыкалық цикліне ресми түрде бастау берді. Жоба Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясына төрағалық ету аясында жүзеге асырылуда.
Фестивальдің басты мақсаты – жас таланттарды қолдау, мәдени әртүрлілікті насихаттау және өнер арқылы бейбітшілік пен достықты нығайту. Жоба БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Болашақ үшін Пакті» аясында ұйымдастырылып отыр және Антуан де Сент-Экзюперидің 125 жылдығы, Майя Плисецкаяның 100 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы сынды мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналуда.
Фестиваль 12-18 жас аралығындағы, ЮНЕСКО-ға мүше елдердегі ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарында белсенді жастарға арналған. Қатысушылар вокал, аспаптық музыка және хореография бағыттарында бақ сынай алады.
Фестиваль аясында қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармаларын жаңа көзқараспен танытуға және халықаралық мәдени диалогқа жағдай жасалады. Бұл — өз елін халықаралық аренада мәдениет елшісі ретінде танытқысы келетін жастар үшін бірегей мүмкіндік.
**Өтінімдер 2025 жылғы 11 мамырға дейін қабылданады.** Іріктеу онлайн және офлайн форматта өтеді. Ең үздік қатысушылар Алматы қаласында өтетін финалға шақырылып, арнайы мәдени және білім беру бағдарламасына қатысады.
Фестивальдің шарықтау шегі — **Алматыда өтетін Гала-концерт** болмақ. Концертте симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік музыка мен қазақстандық шығармашылық тоғысады. Гала-кеш аясында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.
THE PLANET OF ART – 2025 фестивалі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен, Республикалық оқу-әдістемелік орталықпен бірлесе отырып және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия, облыс әкімдіктері мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесінің қолдауымен өткізіледі.
**Фестивальге қатысу үшін:**
- Ереже: [Мұнда қараңыз](https://drive.google.com/drive/folders/1USZUfsUWLPGSAJtADtFnkjYMDCsOBGe5?usp=sharing)
- Тіркелу: [Осы сілтеме арқылы](https://forms.gle/wP2NAFdDmM43orbs9)
- Афишалар: [Мұнда қолжетімді](https://drive.google.com/drive/folders/1dTNC2mYBTlWL9McsULMJA1ZcuMIfAUxP?usp=drive_link)
**Байланыс:**
Телефон: +7 700 394 32 32, +7 700 394 32 34 (WhatsApp)
Электронды пошта: art.kazfuca@gmail.com
Сайт: [unescoclubs.kz](https://unescoclubs.kz/)
Instagram: [@unescoclubskz](https://www.instagram.com/unescoclubskz/)