Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы талдау жұмыстары басталды

Сурет: МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтер көрсету, оларды оңтайландыру, автоматтандыру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бюрократиядан арылту, «Электрондық үкіметті» және 1414 бірыңғай байланыс орталығын жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау бағытын талдау мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен жоспарланған жұмыс барысын талқылау бойынша кездесу өтті.

Айта кету керек, Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында талдау жүргізудің объектісі болып биылғы жылдың сәуір-мамыр аралығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласын талдау айқындалған.

Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.