Қызылорда облысында мәжбүрлі түрде қонған ұшақтағылар 8 сағаттан соң табылды

Фото: pixabay.com

Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді. Олармен байланыс болмады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп хабарлады ТЖМ-дан.