Қазіргі заманғы жел қозғалтқыштары Қарағанды облысын жасыл энергиямен қамтамасыз етеді

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Осакаров ауданында Қарағанды облысында қуаттылығы 150 МВт болатын бірінші жел электр станциясы құрылысының екінші кезеңі жүріп жатыр. Жобаны аяқтау осы жылға жоспарланған. Нысанда 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

Осакаровка, Сарыөзек және Тельман елді мекендерінің арасындағы учаскеде 21 жел генераторының жетеуі орнатылған. Қалақтары бар әрбір діңгектің биіктігі 200 метрден асады. Қуаты 7,7 мегаватт сертификатталған турбиналар – бүгінгі таңда ТМД-дағы ең жаңа және қуатты турбиналардың бірі. Осындай бір жел станогы тұтас елді мекенді энергиямен қамтамасыз ете алады.

Осакаров ауданы құрылыс үшін кездейсоқ таңдалмаған: бірнеше айлық өлшемдердің деректері бойынша мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы 8,5 м/с құрайды.

– Бір жылдық өлшем мұнда жағдай қолайлы – қатты және тұрақты жел тұратынын, ашық қыратты жер бар екенін растады. Бізге Қытайдан, Германиядан, Франциядан мамандар келді, олардың барлығы орнатылған генераторлардың орналасу әлеуеті мен биіктігін атап өтті, – дейді «Гиперборея» мердігер компаниясының техникалық директоры Дмитрий Силантьев. – Мұнда өндірілген энергия Қазақстанның жалпы желісі - КЕГОК-қа келіп, содан кейін өңірлерге бөлінетін болады.

Қазір нысанның құрылысында 150-ге жуық маман жұмыс істейді, ал пайдалануға берілгеннен кейін автоматтандырылған стансаға қызмет көрсетуді барлығы 20 адам қамтамасыз ететін болады.

Басқару және мониторинг толығымен орталықтандырылған: барлық процестер арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қосалқы станция аумағынан бақыланады.

Осакаровкада бұл жоба жалғыз емес. Ауданда 500 МВт-тық 65 жел генераторының құрылысы туралы меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа, тағы екі ірі жоба әзірлену үстінде – Теміртауда 500 МВт және Қарқаралы ауданында 200 МВт.