Ішкі ағзаларының бәрін кескен: Көкшетауда ер адам әйелін жұмыс орнында пышақтап кетті

Фото: сюжет кадрларынан

Көкшетауда ер адам әйелінің жұмыс орнына келіп оны бірнеше рет пышақтап кеткен. Ауыр қалдегі әйелді дәрігерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 30 жастағы әйелдің жұмыс орнында микрокредиттік ұйымның кеңсесінде болды. Күйеуі пышақпен келіп, оған қатыгездікпен шабуылдаған. Күдікті бірден ұсталды.  

Ал қансыраған науқас тіпті зембілге салуға келмеген. Көптеген жарақаттарын төрт сағаттан астам уақыт бойы тігілген. Жәбірленуші екі литрден астам қан жоғалтты. Пышақ жүрекке жетпегендіктен әйел тірі қалды. Дәрігерлер оның барлық ішкі ағзаларын тігуге мәжбүр болды.

Дәрігерлер әйелдің есін жиғанын жеткізді. Ол өте әлсіз, бірақ жағдайы тұрақты. Алда екінші операция күтеді. Жәбірленуші пышақ салғанда қорғануға тырысып қолдарын жарақаттаған. Енді қолдарына ота жасалады.

“Бәрі жақсы болса, тағы бір-екі күн жансақтау бөлімінде болады. Осыдан кейін ол хирургиялық бөлімге ауыстырылады. Не істеу керек болды бәрін жасадық. Жалғыз нәрсе, оның қолдың иілетін жеріне зақым келген. Бірақ операцияның ұзақтығын ескере отырып, бұл операцияны травматологтармен бірге екінші кезеңмен жүргізу туралы шешім қабылданды”, – деді Көкшетау қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесі меңгерушісі Арман Қапанов.