Емші 50 жастағы Шымкент тұрғынының белін емдеймін деп, ауруханаға түсірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Казинформның мәліметінше, ер адам емшіні ғаламтор арқылы тапқан.
Зардап шегушінің айтуынша, емші оны төсекке жатқызып арқасын балғамен ұрған. Осыдан кейін ер адамның аяғы ұйыған. Сол күннің кешкісін ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
«Біз шұғыл түрде диагноз жасадық. Жұлынның үзілуі мен омыртқаның сынуы анықталды. Науқастың ауруханада жатқанына ұзақ уақыт болды және ем алып жатыр. Аяғының сезімталдық біртіндеп қалпына келеді», – деді № 2 қалалық көпсалалы аурухананың басшысы Бақытжан Позилов.
Дәрігер бұл жарақаттың соңы мүгедектікке әкелуі мүмкін екенін айтса, басқа аурухана қызметкерлері халық емшілерінен ем алудың қауіпті екенін еске салады.