Алматыда жарылыс салдарынан жекеменшік үй опырылып, ер адам қаза тапты

Видеодан скриншот

Алматыда жеке үйде газ ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан адам қаза тапқан.

"2 маусымда сағат 13:55-те Алатау ауданы Шапағат шағынауданы Биянху көшесіндегі үйдің бөлшектерін қарау кезінде 1949 жылы туған К.-нің денесі табылды. 1980 жылы салынған үй газ-ауа қоспасы жарылуы салдарынан опырылғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін әкімдік, ТЖД, кинологиялық қызметтер және ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының, Алматы қаласының 109 құтқару қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының, сондай-ақ, қаланың өзара іс-қимыл қызметінің өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.