Шет ауданында әдеп кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Сурет: МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Шет ауданында әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді.

Кеңес отырысында Шет ауданы әкімінің, әдеп жөніндегі уәкілінің, тәртіптік комиссия төрағасының заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, ауданның бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қозғалған тәртіптік  істер қарастырылды.

Жиын соңында кеңес мүшелерімен қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды бұзудың алдын-алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізуді күшейтуге бағытталған ұсыныстар айтылды.