Астанада LRT-ның екінші құрамы қойылды

Фото: Астана әкімдігі

12 маусымда, №112 станциясында (Абу Даби Плаза) екі вагоннан тұратын LRT екінші құрамын орнату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме дасап.

Бірінші құрам жуырда № 101 станциясына (Әуежай) орнатылды. Екі құрам 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған сынақтық іске қосулар басталғанға дейін станцияларда болады.

— № 112 станцияда LRT екінші құрамын орнату — бұл желінің негізгі учаскелеріне құрамды орналастыру бойынша жұмыстардың бір бөлігі. Әр вагон күрделі логистикалық жолмен жеткізіледі және ауыр көтергіш техника көмегімен орнатылады. Бұл жұмыстар бізге құрамдарды алдын ала реттеп, қыркүйекте басталатын кешенді сынақтарға дайындауға мүмкіндік береді. Біз құрылыс кезеңінен инженерлік және пайдалану кезеңіне біртіндеп өтіп жатырмыз, — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма Төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Монтаждау жұмыстары жүк көтергіштігі 450 тонна болатын арнайы ірі габаритті автокран көмегімен орындалды. Құрамдар Түркістан көшесіне Арыс көпірі жағынан, ұзындығы 39 метрді құрайтын (тартқышпен бірге) ірі габаритті тралдармен жеткізілді.