Қарағанды облысы қалалар байланысы арқылы өсімге қол жеткізбек

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Биыл ақпан айында үкімет Қарағанды агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын бекіткен болатын. Алдағы бес жылда өңірде өңдеу өнеркәсібінде кемінде 15 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Бұл 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Агломерациялық тәсілдің артықшылықтары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинарда айтып берді.

-  Біз не үшін Қарағанды агломерациясын құрдық? Мұнда ғылымды, біздің жетекші университеттерімізді қостық, олар бәрін негіздеді. Қазір барлық даму жоспарлары агломерацияны ескере отырып құрылған. Біріншісі - серіктес қалаларды Қарағандымен байланыстыратын қоғамдық көліктің бірыңғай жүйесі. Қазір оны моделдеп жатырмыз. Жолаушылар тасымалында бірыңғай тариф жұмыс істейді, күнделікті еңбек көші-қонын ескере отырып, электронды билет жүйесі енгізілді, - деп атап өтті өңір басшысы. - Бизнес үшін логистика ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй де назарда.

Облыс әкімі металлургиялық кластерді дамыта бастаған Теміртауды мысал ретінде келтірді. Ол үшін жобалар пулы құрылды. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көзделген.

Сондай-ақ зәкірлік жобаларға және шағын өнеркәсіптік аймақтар құруға баса назар аударылады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінбек: кәсіпорындарға білікті жұмыс күші қажет.