Су желілерін 100% жаңарту және 4,5 мың жаңа жұмыс орны — Саран қаласы қалай дамып келеді

Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Бүгінгі таңда Saran индустриялық аймағында құны 300 млрд теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылды. Бұл 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін тағы екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновке өңірге жұмыс сапары барысында Саранның дамуы туралы баяндалды.

-  Мемлекеттің қолдауы мен 318 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған Saran индустриялық аймағында 6 ірі жобаны іске асырудың арқасында Саран қаласы көркейіп келеді. Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде біз қазір өз бюджетімізбен қаланың тыныс-тіршілігі мен инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік алдық. Қазір су желілерін 100%-ға ауыстырып, кәріз жүйесін жаңартып жатырмыз. Сондай-ақ қала орталық жылу көзіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деді Дарын Бұлқайыр.