Air Astana 25 маусымнан бастап қайтадан Таяу Шығысқа ұшады

Фото: Air Astana telegram

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

25 маусымнан бастап мына рейстер орындалады:

  • KC205 Астана-Дубай, 11:00
  • KC206 Дубай-Астана, 16:40
  • KC653 Алматы-Доха, 11:00
  • KC654 Доха-Алматы, 15:05
  • KC897 Алматы -Дубай, 11:15
  • KC898 Дубай-Алматы, 16:10

Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындайды. Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтынан тексеруге болады. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалмақ.