Қостанайда жоғалып кеткен 25 жастағы жігіт өлі табылды

Фото: BAQ.KZ-архив

Қостанайда жоғалып кеткен 25 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.  

Қостанай облысында өткен жылдың күзінде жоғалып кеткен 25 жастағы Насиф Магеррамовты іздестіру жұмыстары аяқталды. Жігіт жоғалып кеткеннен кейін тоғыз айдан кейін өлі күйінде табылды.

Насиф Магеррамов 2024 жылғы 21 қыркүйекте Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылындағы үйінен шығып кеткен, содан кейін қайтып оралмаған. Жарты жылдан астам уақыттан бері оны полиция мен еріктілер үздіксіз іздеген.

Оны 2024 жылдың 21 қыркүйегінде жоғалып кеткен сәтінен бастап іздедік. Туыстары, полиция, еріктілер және біз іздеу тобы болып барынша күш жұмсадық. Үмітімізді үзбей жақсы жаңалық болады деп сендік. Бірақ, өкінішке қарай, бұл оқиға қайғылы аяқталды. Бүкіл іздеу тобы атынан Насифтің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Қайғыларыңызға ортақпыз. Насиф туралы естелік жүректе мәңгі жарық болып қалсын. Іздеуге қатысқан, ақпаратпен бөліскен, бейжай қарамаған әрбір жанға алғысымызды білдіреміз. Бір-бірімізге қамқор болайық, – деп хабарлады іздеу тобының мүшелері.