Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"9 шілдеде Орал, Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Астана мен Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.