ТКШ жаңғырту: Қарағандының жеке секторында электр желілері жаңартылуда

Gov.kz

Қарағандыда электр желілерін жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымның көп бөлігі өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап пайдаланылуда, сондықтан тозу жоғары. Мақсат – тұтынушыларды сенімді және сапалы электрмен қамтамасыз ету. Ол үшін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша ескірген электр беру желілері мен трансформаторлық қосалқы станциялар ғана емес, жаңа нысандар да салынуда.

Қаланың түрлі аудандарында жұмыстар жүргізілуде, жеке секторға назар аударылуда. Финский, Второй рудник, Новая Узенка ауылдарында желілердің ескіруінен және жүктеменің артуынан электр қуатын таратудс іркілістер болды. Қазір бұл мәселе шешілуде.

– 2024–2025 жылдары электрмен жабдықтауды қайта жаңарту және оның сенімділігін арттыру бағдарламасы аясында осы аудандарда кешенді іс-шаралар орындалуда. Ұзындығы 9,58 км 6 кВ әуе желісі («Пришахтинская» ҚС № 12 фидері) қайта жаңартылуда. Жоба кабельдік желілерді, сондай-ақ оқшауланбаған сымдарды қазіргі заманғы оқшауланған желілерге ауыстыруды көздейді, – деді «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директоры Константин Конради.

Сондай-ақ ұзындығы 29,2 км болатын кВ КВЛ-0,4 қайта құру, трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

Желілерді түсіру және қуатты бөлуді жақсарту үшін қосымша трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылады.

Новая Узенкада да кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

– Барлық ағаш тіректер темірбетонмен алмастырылады, олар сенімді және ұзақ уақыз қызмет етеді. Барлық тіректерді, тіпті жеке учаскелердегі тіректерді де жолдың жүру бөлігіне шығаруға тырысамыз. Соның ішінде барлық есептеу құралдарын жаңасына ауыстырамыз - қасбеттерге шығарамыз. Тек осыдан кейін ғана ескі ТК бөлшектенетін болады, – деп түсіндірді «Қарағанды Жарық» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Дмитрий Бутыгин.

1949 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қарағанды» қосалқы станциясын қайта жаңарту жалғасуда. Жоба 2027 жылға дейін есептелген. Ашық тарату құрылғылары толығымен жаңартылып, заманауи трансформаторлар орнатылуда.

Бұдан басқа, қалада екі жаңа қосалқы станция салынуда.

Жалпы, жаңғырту бағдарламасы электрмен жабдықтауды жақсартады, сенімділікті арттырады және жаңа нысандарды қосуға және өңірдің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жағдай жасайды.