Халықаралық химия олимпиадасына әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан.
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль иеленді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық химия олимпиадасында еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының екеуі – алтын медаль алған. Олимпиада Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.
Әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан зияткерлік додада еліміздің жас химиктерінің көшбасшылық мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Кабдулхадыр алтын медаль иеленді. Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Еңлік Бақытбекова мен Ақтөбе облысындағы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы Аңсар Жақсылықов күміс медаль еншіледі.
Айта кетері, оқушылар биылғы оқу жылында еуропалық және халықаралық олимпиадаларда 100% нәтиже көрсетіп үлгерген.
Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы негізінде:
алтын медаль үшін – 1 500 АЕК;
күміс медаль үшін – 1 000 АЕК,
қола медаль үшін – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған.
Жетекші ұстаздарға да ынталандыру төлемдері көзделген.