Шавхат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

Baq_kz

Шавхат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшының жары тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігі Алматы-Екатеринбург тасжолының 296 шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында аударылған. Алдын ала деректерге сәйкес, әйел рөлді басқара алмай қалған.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында 39 жастағы жолаушы көз жұмды. 35 жастағы екінші жолаушы Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатқан жолда қайтыс болды.