Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақты қасақана атып түсірді дегенге сенбейтінің жеткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, кінәлілер өз кінәсін мойындап, жазаға тартылып, өтемақы төлеуі тиіс.
Бұған дейін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.