Іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Хасан Қасымбаев төрт жыл бұрын спортшыны ұрлап, соққыға жықты деп айыпталып отыр. Оның сотына көп адам жиналып, жәбірленушілер мен айыпталушылардың туыстары қатысты.
Іс қазақ тілінде, судья Айнагүл Тұқубаеваның төрағалығымен қаралып жатыр. Бұған дейін, 2 қарашада "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үш жыл бұрын жасалған қылмысы үшін қамауға алынған еді. Ал 5 қарашада ол екі айға қамалды. Хасан 2021 жылы ережесіз жекпе жектен жаттықтырушыны ұрлап, ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Кейін оған қатысты үш бап бойынша іс қозғалғаны айтылған.