“Билеу үшін жазбаймын”: Қазақстандық сазгер ұлттық нақыштағы әнін шетелде рұқсатсыз қолданған жас спортшыларға шүйлікті

Фото: Google

Гимнастикадан Бразилияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсеткен жас спортшылар қазақстандық сазгердің әнін рұқсатсыз қолданыпты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Гимнаст қыздар Sarmad этно-ансамблінің әніне әсерлі өнер көрсеткенімен, әннің авторына бұл ұнамапты. Композитор Бауыржан Ақтай ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мира Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген. Музыкант өз композицияларын би билеу үшін емес, шығармашылық мақсатта жазатынын айтқан.