Конституция күні мен Шахтёр күні мерекелеріне орай 30 тамызда Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда сағат 09:00-де басталады.
Жәрмеңкеде тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері, ет пен сүт тағамдары және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен құнмен ұсынылады.
Өтетін орны: «Global City» сауда-ойын-сауық орталығы (134-есептік квартал, 921-ғимарат).
Жәрмеңкеге № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустар мен маршруттық таксилер қатынайды.
Дереккөз: Gov.kz