Алматыда халықаралық деңгейдегі футбол стадионы салынбақ

Stan.kz

Жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады.