Прокуратура мәліметінше, өзін онлайн сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырған адам клиенттерін Instagram желісі арқылы тартқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Осылайша оларға онлайн саудаға үйрету курстарын ұсынған.
Оқыту аяқталған соң клиенттеріне тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынған. Сосын салынған қаражаттың 10%-ы мөлшерінде табыс табуға уәде берген. Алайда төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған.
Прокуратура оның 50 миллион теңгеден астам залал келтірген 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын толық дәлелдеген. Нәтижесінде ол 5 жылға сотталды.