Қарағандыда су және кәріз желілері қайта жаңартылуда

Gov.kz

Қарағандыда тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Қаладағы су және кәріз құбырларының шамамен 80 пайызы пайдалану мерзімін әлдеқашан өткерген. Биыл «Қарағанды Су» компаниясы «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында бірден 30 көшеде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 43 нысанды қамтиды. Бұл – 34 шақырымнан астам желі: оның 16,5 шақырымы су құбырларына, қалған бөлігі кәріз жүйесіне тиесілі. Жұмыстарды кәсіпорынның өз бригадалары да, мердігер ұйымдар да

— Өткен жылы біз 20 шақырым су құбырын және сонша көлемде кәріз желісін ауыстырдық. Биыл да осы қарқынды сақтап қалуды жоспарлап отырмыз, — деді «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры Ербол Төлеуов. — Бұл желілердің тозу деңгейін жыл сайын шамамен екі пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Су құбырларының тозуы бүгінде 99 пайызға жеткен. Соңғы бес жыл ішінде мамандар жүзден астам апатты жағдайды жойып, құбырларды кешенді түрде жаңарту қажеттілігі туындады. Биыл 12 нысан бойынша реконструкция қарастырылған, олардың 70 пайызы орындалды. Қазіргі уақытта жұмыстар Охотская, Крылов, Есіл және Ермеков көшелерінде жүріп жатыр.

Аманжолов көшесінде ұзындығы 1,2 шақырым ескі металл құбырлар орнына шамамен 50 жыл қызмет ететін пластик құбырлар төселуде. Бұл жерде көлденең бағытта бұрғылау әдісі қолданылуда.

— Көлденең бұрғылау технологиясы жер қазу көлемін айтарлықтай азайтады, өйткені құбырларды ашық ор қазбай-ақ жүргізуге мүмкіндік береді. Әдіс қолжетімсіз аумақтарда және ғимараттардың маңында тиімді қолданылады, — деп түсіндірді мердігер ұйымның бас инженері Сергей Фрик. — Бұл тәсіл жол жабындысын сақтап, желілерді ауыстыру жұмысын жеделдетеді.

Биылғы басты басымдық — кәріз жүйелерін жөндеу. Көптеген учаскелерде олардың тозу деңгейі 100 пайызға жеткен. Бағдарламаға 31 нысан енгізіліп, жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуық құбыр қарастырылған. Оның 8 шақырымнан астамы қазірдің өзінде жаңадан төселді.

Құрылыс жұмыстары Шахтерлер даңғылында, Н. Әбдіров даңғылында, сондай-ақ Белинский, Магнитогорск, Локомотив, Шығыс, Зелинский, Восточная, Сводная көшелерінде және 23-ші шағын ауданда жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін 20 шақырымға жуық қайта құру жұмыстары аяқталды.