Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Фархат Зейнолла (50 келі) алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Отандасымыз финалда Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Уалед Алмалкиден басым түсті.
Сондай-ақ, ел құрамасынан Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) финалға шықты.
Сондай-ақ, Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (44 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі), Жанайым Маратбек (52 келі) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі.
Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль алды.
Ел құрамасынан Ернұр Батырғали (60 кг) чемпион атанса, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг) күміс, Арман Мыса (50 кг), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) мен Ролан Қайырғали (66 кг) қола жүлдеге ие болған еді.