2026/2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы қай жерде өтетіні анықталды

Сурет: tr.pinterest.com

2026/2027 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтеді. Бұл туралы испаниялық COPE басылымына сілтеме жасай отырып Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Рияд Эйр Метрополитано» – мадридтік «Атлетико» клубының аренасы. Олар 2017 жылы «Висенте Кальдероннан» көшкелі бері осы стадионда өнер көрсетіп келеді. Арена 1993 жылы салынған, сыйымдылығы – 70 692 көрермен.

Еске салайық, бұған дейін 2025/2026 жылғы маусымның финалы 30 мамыр күні Будапешттегі «Ференц Пушкаш» стадионында өтетіні жарияланған.

Қазіргі Чемпиондар лигасының иегері – испаниялық маман Луис Энрике жаттықтыратын «Пари Сен-Жермен». Өткен маусымдағы финалда француз клубы италиялық «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.

Айта кетейік, биыл «Қайрат» клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, сенсация жасады. Алматылық ұжым 30 қыркүйекте өз алаңында «Реал Мадрид» клубын қабылдайды.