Қытайда әлемдегі ең биік көпір салынып бітті

Stan.kz

Көпір Хуадцзян каньоны арқылы өтеді. Оның биіктігі – 625 метр, ұзындығы үш шақырымға жуық. Жаңа құрылыс Эйфель мұнарасынан екі есе жоғары. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Инженерлер көпірдің беріктігін тексеру үшін үстінен жалпы салмағы 3360 тонна 96 жүк көлігін жүргізген. Нәтижесінде ақау анықталмаған.

Құрылым жер сілкінісінен қорғайтын икемді аспалармен жабдықталған. Енді мұнда бақылау алаңы, шыны лифт, кафе, тіпті секіруге арналған платформа пайда болады.